Kyzylorda-news.kz. Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдады.

Онда Президенттің мандатын қайта сайлану мүмкіндігінсіз бір мерзімге шектеу осы Заң жобасы күшіне енгеннен кейін жеті жыл мерзімге Президент болып сайлаған адамдарға қолданылады.

Осы орайда, «AMANAT»партиясы облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова өткен референдумда неғұрлым тиімді және теңгерімді саяси жүйені қалыптастыру бойынша нормалар қабылданғанын атап өтті.

«Ел дамуының тың бағыты айқындалған болатын және жаңа саяси реформа бүкіл саяси жүйені жаңа ережелер бойынша қайта бастауға мүмкіндік беруде.

Бұл тұрғыда енгізіліп жатқан бір Президенттік мерзім еліміздегі жаңа демократиялық үлгіге түпкілікті көшуге бағытталған саяси реформалар бағытының заңды жалғасы ретінде жаңару жұмыстарында маңызды орын алады.

Өз кезегінде Президенттік өкілеттіліктің бір реттік мерзімін қайта сайлау құқығынсыз енгізу — бұл нағыз әділетті Қазақстанның көрінісі, елдің демократиялық жаңаруының жақсы символы. Бұл арқылы болашақта биліктің бір адаммен қайталанып және ұзақ уақыт иелену мүмкіндігі болмайды.
Сонымен бірге қайта сайлауға тыйым салатын саяси жаңалығы арқылы Қазақстан бүкіл посткеңестік аймақ пен Орталық Азия елдері үшін жаңа тренд орнатуда», дейді ол.

Тағы да оқыңыз: