Kyzylorda-news.kz.  26 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды.

“Ертең, яғни 26 қаңтарда, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтеді. Онлайн форматта өтетін жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланбақ”, – деді ол. 

Бұқаралық ақпарат құралдарының аккредитациядан өткен өкілдері аталған іс-шараны «Қазмедиа орталығынан» дер кезінде таратуға мүмкіндік алады.

Тағы да оқыңыз: