Kyzylorda-news.kz. Аида Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.

«Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалсын», – делінген Ақорда сайтында жарияланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында.

Бұған дейін А.Балаева Президент көмекшісі – Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Тағы да оқыңыз: