Kyzylorda-news.kz    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 33 сессиясында «Біз әртүрліміз, бірақ бәріміз теңбіз», «Қазақстанның халқы біртұтас» деген қағидаттар көрініс табуға тиіс. Бұл – мызғымас әрі берік қағидаттар. Мемлекеттік саясаттың басты өзегі және жалпыұлттық бірегейлікті нығайтатын негізгі фактор – бірлік» деп ерекше атап өткен еді.

Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде әу бастан-ақ, этносаралық татулықты, бірлікті, сыйластықты берік ұстанып келеді. Соның нәтижесінде қазіргі таңда елімізде, бір шаңырақ астында 100-ден аса өзге ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Иә халқымыз қашанда бірлік пен татулықты, адамгершілік қасиетті бәрінен жоғары бағалаған. Осы ұстаным аясында күні бүгінге дейін түрлі этнос өкілдерімен етене жақын, жатырқамай күн кешіп келеміз.

Көпұлтты татаулықты сақтауда Сыр елі де өзіндік үлесін қосуда.. Бүгінде Сыр өңірі халқының 96,2 проценті қазақ ұлты болса, 3,8 проценті  – түрлі этнос өкілдерінен құралады. Қазіргі күні Қызылорда облысында отыздан астам өзге ұлт өкілдері  тұрады. Оларды мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі жолында зор үлестерін қосуда десек артық айтқандық болмас. Халқымызда «Бірлігі бекем елдің берекесі мол болмақ» деп бекер айтылмаған. Ата-бабамыздың бірлік жайлы айтып кеткен даналық сөздері бүгінгі ұрпақ үшін мәңгі мұра болып қалғаны рас.

Қазіргі кезде Ассамблея институты қазақстандық қоғамның барлық салаларында белсенді жұмыс атқарып келеді. Оның ішінде отбасы институтын сақтауға және ұлтаралық, мәдениетаралық байланысты нығайту, рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеуге, жастар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында Ассамблея жанындағы Ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесінің рөлін ерекше атап өтуге болады.

Ұлтаралық татаулықты нығайтуда облысымыздағы 11 этномәдени бірлестіктер мен Ассамблея жанындағы қоғамдық құрылымдар жалпыға ортақ құндылықтарды, «алуантүрлілік бірлігі», «бірегейлік», «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаттарын аймақта кеңінен насихаттауда. Өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдары бұл ретте жұмыстарын жаңаша бағытта жүзеге асыруда. Бүгінгі күні «Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісім мекені» жобасы аясында ассамблеяның көш-керуен акциясы аудандар мен этнос өкілдері тығыз орналасқан ауылдық елді-мекендерде жүзеге асырылуда. Аталған акция аясында ассамблея жанындағы ақсақалдар, аналар, медиация кеңестері, ақпараттық түсіндіру топ өкілдері мен ғалымдар, Ассамблея жастарының белсенділері жер-жерлерде кездесулер мен кеңес беру, этносаралық мониторинг жұмыстарын жүргізіп, мемлекеттік саясаттың тиімді тұстарын халық арасында кеңінен насихаттап келеді. Сонымен қатар биыл Солтүстік Кавказ халықтарының қазақ жеріне қоныс аударылғанына 80 жыл толуына орай Алғыс айту күні қарсаңында өңірде республикалық деңгейде белгілі ғалымдар мен зерттеушілердің қатысуымен конференция өткізілген. Бұл бастама тарих тоғыстырған түрлі ұлт өкілдері мекен еткен Сыр елінің береке-бірлігі мен тату-тірлігін одан әрі арттыруға сеп болмақ. Осы орайда жыл сайын дәстүрлі түрде өңірімізде этностардың ұлттық мерекелері мен мәдени күндері тұрақты түрде өткізілетіндігін ерекше атап өтуге болады.

   Сондай-ақ өңірлік Ассамблея жанынан аймақта алғашқылардың бірі болып құрылған кәріс этномәдени бірлестігіне 35 жыл толады екен. Бұл атаулы мерейтойы биыл ерекше аталып өтілмек. Мерей той қарсаңында халықаралық деңгейде қайта жаңғыртудан өткен корей ұлттық батыры Хон Бом До атындағы мемориалдық кешенінде мұражайдың ресми ашылуы жоспарлануда. Бұл туралы жуырда өткен облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының жиырма алтыншы сессиясында да айтылған болатын. Осы сессия барысында облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрлыбек Нәлібаев: Мемлекет басшысы «Ассамблея жұмысын еліміздің жаңа гуманитарлық идеологиялық доктринасымен үйлестіру қажет. Бұл – ең алдымен, Тәуелсіздік және Отаншылдық. Одан кейін – Бірлік және Ынтымақ. Келесі – Әділдік пен Жауапкершілік. Сондай-ақ – Заң және Тәртіп. Бұдан соң – Еңбекқорлық пен Кәсібилік. Және – Жасампаздық пен Жаңашылдық. Бұл – біздің саясат пен экономикадан бастап, білім мен мәдениетке дейінгі барлық саладағы бағыт-бағдарымыз. Мұның бәрі халқымыздың азаматтық бірегейлігін нығайтады. Сондай-ақ еліміздің болашақ келбетін қалыптастырады» - деген сөзін тілге тиек еткен еді. Соның аясында бұл бастаманы аймақта жүзеге асыру қолға алынғанын атап өтті.

– Аймақ экономикасының тұрақты дамуы мен тұрғындардың әлеуметтік жағдайының артуы елдегі қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың айқын көрінісі.  Өздеріңізге белгілі Сыр елінде соңғы кездері құрылыс жұмыстары қарқынды дамып, ел игілігі үшін салынып жатқан әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші күн санап артып келеді. Қала және аудандардағы инфрақұрылымдар қалпына келтіріліп, тозығы жеткендер қайта жыңғыртудан өткізілуде. Жыл басында сол жағалаудан көп пәтерлі тұрғын үйлер және жаңадан бой көтерген соңғы үлгідегі автовокзал пайдалануға берілді. Сондай-ақ, бас шаһарымыздың орталық алаңы қайта күрделі жөндеуден өткізілуде.    Жақын күндері Сыр халқы үшін аса маңызды нысандардың бірі Қорқыт Ата әуежайының жаңа терминалы ең игілігі үшін пайдаланылуға беріледі. 1 мамыр – Қазақстан халқының Бірлігі күні мерекесінде сол жағалаудан 10 мың адамға арналған заманауи үлгідегі жаңа стадионның іргетасы қаланды. Облыс бойынша «Жайлы мектеп» жобасы аясында

21 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның 10-ны биылғы жылы аяқталап, пайдалануға беріледі.  Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – бір-бірінен ажырамайтын үш тағанды озық әрі табысты елге айналудың басты кілті екенін атап өтті. Осы бағытта биыл Сыр елінде Руханият жылы деп жарияланып, «Адал адам» концепциясы аясында өңірдегі барлық елді мекендегі клубтар мен мәдениет үйлерінде «Адал адам» рухани-мәдени орталықтары ашылып, балалар мен жастарды тәрбиелеп, олардың бойына озық құндылықтарды сіңіруге айрықша көңіл бөлу мақсатында жұмыстар атқаруда. Наурыз айында 1000 адамға арналған Өнер орталығы ашылып, оған Мәдениет және Ақпарат министрі Балаева Аида Ғалымқызы, белгілі қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.       Салтанатты жиында Түріксой халықаралық ұйымының Бас хатшысы Раев Султан Акимович Сыр өңірін «Үздік мәдени өңір» деп атады.  Сондай-ақ, сыр сүлейлеріне арналған «Жыраулар үйі» ашылды. Өз алдына отау болып қалалық «Жастар театры» құрылды. Облыс көлеміндегі барлық аудандарда руханият орталықтарының құрылысы бастау алды. Аз уақыт ішінде ауыз толтырып айтар ауқымды істер қатары көбеюде. Осы істердің нәтижелі болуы ең алдымен халқымыздың береке-бірлігі мен саяси тұрақтылықтың арқасында деп білемін! Бірлік – елдіктің, ұлт болып ұйысып отырудың басты кепілі. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан бірегейлікпен халықтар достығының арқасында мемлекетіміз өркендеп, ілгері басуда, – деген болатын аймақ басшысы сессияда сөйлеген сөзінде.

Еліміз тарихтың небір тар жол, тайғақ кешу жылдарын бастан өткерсе де, бірлік пен татулықтың арқасында бүгінгі тәуелсіз, егемен ел дәрежесіне жетіп отыр. Тарихтың мұндай кезеңдерінде қазақ жұртымен бірге тағдырлас өзге ұлт өкілдері де жұмылып жұдырық болып, бір жеңннен қол, бір жағадан бас шығарып ауызбірліктерін танытты. Тағдыр қосқан этнос өкілдерінің бұл қасиеті бүгінгі күні де жалғасын тауып келеді. Мұны еліміздің батыс аймағын су басып, тосыннан келген тілсіз жаудың құрығында қалған халыққа көмек беруге атсалысқан жұртшылықтың іс-әрекетінен байқауға болады. Бұл ретте республикалық «Күшіміз – бірлікте» қайырымдылық акциясына облыстың барлық мемлекеттік мекемелерімен қатар, ірі кәсіпорындар мен компаниялар, меценаттар, партиялар және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары, волонтерлер айрықша үлестерін қосты.  Қызылорда облысынан еліміздің Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарына 738 адам, 216 арнайы техникажіберіліп, ауыл шаруашылығы өнімдерімен айналысатын кәсіпкерлер 100 тоннаға жуық ақкүрішпен қамтамасыз етті. Акция барысында Сыр өңірінен

150 миллион теңгенің гуманитарлық көмегі жөнелтілді.  «Жүректен жүрекке» республикалық акциясына облыстық этномәдени бірлестіктер белсене қатысты. Бұл әрекеттер – өзара жанашыр және тілеулес болудың айқын көрінісі. Бірлік – береке бастауы деген ұғым осыдан туындайтынын дәлелдеп берді. Осы орайда Мемлекет басшысының «Ассамблея – кейбір адамдар айтып жүргендей, жасанды ұйым емес. Ассамблея – ел бірлігін іс жүзінде орнықтыра түсетін тиімді құрылым. Бүгінде бұл – конституциялық мәртебесі бар маңызды қоғамдық орган» деген сөзінің жаны барын анық байқауға болады. Оған дәлел тасқыннан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету бағытында Қазақстан халқы Ассамблеясы белсенді әрі үйлесімді жұмыс атқарды.

Расымен, еліміздегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қалыптастыру бағытында облыс көлемінде бірқатар оң өзгерістер жүзеге асырылып келеді.  29 жылдан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы осы байлықтың басты сақтаушысы миссиясын табысты атқарушысы екенін айқын көрсете білді. Ассамблея – еліміздің саяси тұрғыда жаңғыруына, жалпыұлттық тұтастықты нығайтуда маңызды рөл атқаратынын дәлелдей алды.  Мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыруда облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы құрамында он бір этномәдени бірлестіктер, аудандарда төрт этнобағытталған үкіметтік емес ұйымдар және тоғыз қоғамдық құрылым жұмыс атқаруда. Өңірдегі Қазақстан халқы ассамблеясының Ақсақалдар мен Аналар кеңесі, Ассамблея жастары, Журналистер клубы, ғылыми-сарапшылық тобы, медиаторлар кеңесі, еріктілер мен ақпараттық түсіндіру тобы бүгінде этносаралық коммуникация мен диалог алаңына айналған. Ағымдағы жылы өңірлік Ассамблеяның бастамасымен түрлі форматта 189 іс-шара ұйымдастырылып, бұл шараларда 12 мыңнан астам адам қамтылған. Осы ретте, өңірлік ассамблея жұмысын жандандыру мақсатында облыс әкімі, облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың төрағалығымен 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай өткен «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты кездесуде бірқатар тапсырмалар бекітіліп, жүзеге асырылуда. Оның ішінде отбасындағы әкелердің рөлін арттыру, ұрпақ тәрбиелеу мен ел бірлігін сақтау мақсатында Аналар мен Ақсақалдар кеңесінің жұмысы жанданып, кеңестің отырыстарында суицид, лудомания, ана мен бала саулығы, этносаралық ахуал тұрақтылығы тақырыптары кеңінен қозғалды. Этномедиация бағытын дамытуға арналған жобалар жүзеге асырылып, кәсіби және қоғамдық негіздегі медиаторлар арнайы курстардан өткен. Ғылыми сарапшылық топтың қызметі нәтижесінде аймағымыздағы этносаралық ахуал ғылыми тұрғыда талданып, мемлекеттік этносаясаттың жүйелі жүргізілуіне септігін тигізуде. «Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісімнің мекені» жобасы аясында Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен ЭМБ құрылымдарының қатысуымен этнос өкілдері тығыз орналасқан аудандар мен ауылдық елді-мекендерде көш керуен акциясы өтті. Этномәдени бірлестіктердің атаулы мерекелері де назардан тыс қалмаған. Осы уақыт ішінде Корея халық батыры Хон Бом ДОның мемориалдық кешені қайта жаңғыртылды және «Славяне» этномәдени бірлестігінің 25 жылдығы, Татар этномәдени бірлестігінің 30 жылдығы, «Алекс» би өнері мектебінің 25 жылдығы, республикалық «Корё ильбо» газетінің 100 жылдығы, Солтүстік Кавказ халықтарының Қазақстанға қоныстанғанына 80 жылдығы, Славяне, Татар, Корей, Неміс бірлестіктерінің мәдени күндері аталып өткен. Қазан айында облыстық Корей этномәдени бірлестігінің құрылғанына 35 жыл толуына орай гала-фестиваль өткізіледі деп жоспарлануда.

Қоғамдық бірлік пен татулықты мақсат еткен өңірлік Қазақстан Халқы Ассамблеясы мүшелері су апатынан зардап шеккен аймақтарға «Күшіміз бірлікте» және «Жүректен-жүрекке» қайырымдылық акциясы аясында 3 тонна гуманитарлық көмек жіберіп, айрықша үлестерін қосқан. Биыл  5 айдың ішінде Ресей, Өзбекстан елдерінің Бас Консулдарымен кездесулер өткізіліп, облыстың сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-рухани, туризм, білім және ғылым салаларында өзара ынтымақтастық орнату жөнінде нақты ұсыныстар талқыланған. Аталған жұмыстар аймақ экономикасының тұрақты дамуына серпін беріп, өңірдегі қоғамдық келісім мен бірегейліктің нығаюына өз септігін тигізуде. Келер жылы Қызылорда қаласы Алаштың астанасы болғанына және «Қазақ» атауының қайтарылғанына 100 – жыл, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойын атап өтілмек. Осы орайда аймақ басшысы халықты бірлік пен бірегейлік принциптеріне ұйыстырушы институт ретінде Ассамблеяның қалыптасуы мен өркендеу жолдарын, этносаралық келісімнің Қазақстандық моделін көпшілікке жеткізу керектігін айтқан болатын. Сонымен бірге аталған мерекелік шараларға дайындықты бүгіннен бастап қолға алу керектігінде жеткізген. Бұл ретте облыстық қоғамдық даму басқармасы мен Қызылорда қаласы мен барлық аудан әкімдері, басқарма басшыларына Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын өткізу жөніндегі барлық мемлекеттік мекемелердің, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың, облыстық ассамблея жанындағы құрылымдардын қатысуымен кешенді іс-шаралар жоспарын әзірлеу, мемлекеттік мекемелер мен мәслихаттар аппараттары облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясымен тұрақты өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету, екі айда бір рет Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің қатысуымен этносаралық жағдай жөнінде өңірлік кеңестер өткізу, облыстық қоғамдық даму басқармасына облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп жастардан этномәдени бірлестіктердің басшы орынбасарларын тағайындау мүмкіндігін қарастыру,  облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың әлеуетін дамыту негізінде елде жүргізіліп жатқан реформаларды сүйемелдеудегі және мемлекеттік шешімдер қабылдаудағы рөлі мен оған қатысуын қамтамасыз ету, Достық үйінің қызметін жергілікті қоғамдастықтар үшін заманауи комьюнити-орталықтар, бірлік, жасампаздық және өрлеу құндылықтарын ілгерілету орталықтары ретінде одан әрі күшейту, облыстық қоғамдық даму, экономика және қаржы басқармаларына облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар жобаларын, бірінші кезекте волонтерлік жобаларының тізбесін айқындау бойынша шаралар қабылдау, жобаларға қолдау көрсету, облыстық білім басқармасына оқу-тәрбие процесінде «алуантүрліміз, бірақ бірдейміз», «Қазақстанның біртұтас халқы»  қағидаттарының ілгерілетілуін қамтамасыз ету, оқыту және тәрбиелеу процесін елдің өткенін, бүгінгісі мен болашағын саяси сипатсыз және эмоциясыз, біртұтас ұлттың бөлінбейтін ортақ игілігі ретінде объективті түрде қабылдауға негіздеу, оқушы жастар арасында ортақ Отанының тағдырына қатысы барын сезіну, түрлі мәдениеттер мен дәстүрлерді құрметтеу, мемлекеттік тілді жетік меңгеру бағытындағы мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырған болатын.

Аймақтағы этносаралық тұрақтылық пен келісімді сақтауға, одан әрі жетілдіруге бағытталған жоғарыда атап өткен тапсырмалардың барлығыда Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының биылғы 33-ші сесиясында қабылданған шешімдерден туындап отыр.

А.Әлім

Тағы да оқыңыз: