Kyzylorda-news.kz. Арал ауданына қарасты Тоқабай ауылында жаңа мешіт пайдалануға берілді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек Әбуов Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Әли Мақсым» мешітінің жаңа ғимаратының ашылу рәсіміне қатысып, демеушілік​ танытқан жергілікті кәсіпкерлер мен ауыл халқына алғыс білдірді.

​ Қазақстан Респуликасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында ашылған құлшылық үйі ​ 70 адамға арналған. Айта кетейік, 1995-1996 жылдары пайдалануға берілген көне мешіт ғимаратының тозығы жеткендіктен, 2019-2020 жылдары заман талабына сай жасақталған жаңа ғимараттың құрылысы жүргізілген болатын.

Тағы да оқыңыз: