Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда облысы прокуратурасында Халықаралық әйелдер мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Облыс прокуроры Ризабек Ожаров ұжымдағы қыз келіншектерді және сала ардагерлерін құттықтап, жылы лебізін білдірді.

«Бүгінгі күні нәзік жандылар сан түрлі саланың қыр – сырын меңгерген. Әсіресе, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, қаржы, құқық қорғау сынды халқымыз үшін ең маңызды салаларда қызмет етіп жүр.  Олардың қатарында ел аумағында заңдылықтың сақталуына, азаматтарымыздың конституциялық құқықтарының қорғалуына құзырлы органның абыройлы атына сын келтірмей қызмет етіп жүрген өздеріңіз де барсыздар. Прокуратура органдарында жыл өткен сайын нәзік жандылардың қатары артып келеді. Олармен атқарылған жұмыстың өнімділігі мен сапасына еш мін жоқ.  Бұл дегеніміз - әйел прокурорларға деген қоғамның сенімі және жауапкершілік жүгін көтере алатын беделі мен мәртебесінің көрінісі», - деп түйіндеді, өз сөзін облыс прокуроры.

Биылғы жылдың ерекшелігі өз еңбегімен көзге түскен, белсенді қызметкердің анасына «Офицердің Анасы» медальі табысталды. Оған Қызылорда облыстық прокуратурасының прокуроры Мағрипа Әлиеваның анасы Бисенбаева Әйгерім Ибрашқызы лайықты, деп танылды.

Марапаттау рәсімінен соң игі шара облыстық өнерпаздардың қолдауымен мерекелік концертке ұласты.

Тағы да оқыңыз: