Kyzylorda-news.kz   Жасөспірімдердің мектептен тыс уақыттағы тәртібі және тыйым салынған жерлерде заңды өкілдерінсіз жүруі күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі. Осы орайда Қызылорда қаласы әкімдігі жанынан құрылған мобильді топ кезекті түнгі рейдтік іс-шараларды ұйымдастыруда.

Жастар мен жасөпірімдер арасындағы қылмыстың, топтық төбелестердің алдын алу немесе кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын оқыс оқиғаларды болдырмау негізгі мақсат. Сонымен қатар, жасөпірімдерді құмар ойындар мен компьютерлік ойындарға тәуелділігінен қорғауды да ювеналды полиция мамандары назарға алған.

Бүгінде жасөспірімдердің түнгі 22.00-ден кейінгі уақытта қала аумағында ата-анасынсыз жүруі белең алып келеді. Мамандардың сөзінше, бұл өз кезегінде олардың тәртіп бұзуына, топтық төбелес ұйымдастыруына, өмірлеріне қауіп төндіруіне әкелуі мүмкін. Соның аясында ұйымдастырылған рейдтік іс-шара тұрақты түрде жүргізіліп отыратын болады.

Рейд барысында қала аймағындағы ойын-сауық орталықтары, саябақтар, ойын алаңдары және жастар түнде жиналатын аймақтар назарға алынған. Соның нәтижесінде мобильді топ өкілдерімен 7 жасөсіпірім «Сол жағалау» және «Мерей» мөлтек аудандарында түнгі 23.00-ден кейін заңды өкілдерінің қадағалауынсыз жүргендігі анықталған. Жасөспірімдерге тәртіп сақшылары әкімшілік хаттамалар рәсімдеп, ескертулер берді.

Тағы да оқыңыз: