Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысы бойынша сот әкімшілігі департаментінің жаңа басшысы болып Мөлдір Асанова тағайындалды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Мөлдір Асанова 1985 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 2009 жылы Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің іс тіркеушісі, 2009-2012 жылдары Қызылорда қалалық сотының жетекші маманы-сот отырысының хатшысы, бас маманы-сот отырысының хатшысы, 2012 жылы Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы болған. 2012-2015 жылдары Қызылорда қалалық сотының бас маманы, 2015-2017 жылдары Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі болып еңбек етті.
2017 жылдан бастап осы күнге дейін Қызылорда облысы бойынша сот әкімшілігі департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне Бердібаев Ерлан Құлахметұлы тағайындалды.
Фото: Қызылорда облыстық соты