Kyzylorda-news.kz Елімізде өз өмірлерін қатерге тігіп, күнделікті тіршілікте, төтенше жағдайларда адамдарға көмектесуге, қоғамның материалдық құндылықтары мен табиғи байлығын қорғауға әрқашан дайын, батыл және құрметті мамандықтың өкілдері бар. Олардың қызметі жөнінде Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Руслан Қайрақбаев тоқталып, атқарылған жұмыстарды баяндады.

Бас құтқарушы туралы бағана

Бүгінде өңірдің кәсіби құтқарушыларыныңауқымды және үйлесімдіұжымын Қайрақбаев Руслан Сламбекұлы абыроймен басқаруда. Сыр елінің тумасы - құтқарушылар әулетінің үшінші буындағы өкілі. Оның атасы - Құтқару қызметінің ардагері Бодан Қайрақбаев1950-1976 жылдары өрт сөндіру бөлімшелерінде еңбек еткен. Әкесі Сламбек Қайрақбаев та өртке қарсы қызметтің ардагері. Руслан Сламбекұлы бала кезінен-ақ күрделі де қауырт қызметпен етене таныс болды. Қызметке адал болу, мамандықты сүю, жігерлі жәнебатыл болу дегеннің не екенін ой елегінен өткізген, осы салада біліктілікке ие кәсіби шебер маман. Қайрақбаевтардың әулетінде қызметтегі абырой, Отан алдындағы борыш, патриотизм секілді басты қағидалар бар.

Р.С.Қайрақбаев 1981 жылы 14 қарашада Қызылорда қаласында дүниеге келген. Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі», Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университетін «Заңтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Қызылорда облысы мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасында өрт бөлімінің аға инженері болып бастаған. 2005-2019 жылдар аралығында Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментінде жедел кезекші, бас маман, бөлім, басқарма бастығы қызметтерін атқарған.  2019-21 жылдары Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымында болды. 2021 жылдан бастап Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы. Отбасылы, көп балалы әке.

 

өрт.jpg

Құтқару қызметінің құрылу тарихы

   1918 жылы 17 сәуірде құрылған КСРО Өртке қарсы қызметінің шежіресімен байланысты. Аталмыш күні Халық Комиссарлары Кеңесінің «Отпен күресудің мемлекеттік шаралары туралы» Жарлығы шыққан болатын. Семей қаласында өрт күзетітуралы алғашқы ескерту 1804 жылғы 15 сәуірде болған. Сол жылдары олар өртті өз күштерімен сөндірген ерікті өрт сөндіру жасақтарын құрған екен.  XIX ғасырдың ортасында өрт сөндіру бөлімі сол уақыттағы полиция қызметіне қарасты болды. Елімізде өрт сөндірушілер 1867 жылы 8 желтоқсанда пайда болды, сол жылыағаштан өрт сөндіру бекеті салыныпты. Мұрағат деректері көрсеткендей, Қызылордада он адамнан тұратын алғашқы өрт сөндіру тобы ғасырға жуық уақыт бұрын, яғни 1926 жылы құрылған. 1950 жылдары екі кәсіби өрт сөндіру бөлімі біріктіріліп, жаңа құрылым ішкі істер органдарының құрамына кірді. Бұл бөлімшенің қызметкерлері 1981 жылға дейін әскери атақсыз қызмет етті.

    1995 жылдан бастап азаматтық қорғау жүйесі айтарлықтай дамыды. 1995жылғы 19 қазанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды. Ол табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орталық атқарушы орган болып табылды.

   Орталық атқарушы органдардың құрылымын жетілдіру шеңберінде ТЖ комитет, агенттік, министрлік болып қайта құрылды, ІІМ жүйесінде болды, бұдан соң 2020 жылы ТЖ министрлігі қайта құрылды. Қазіргі уақытта ҚР ТЖМ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттің алдын алу мен сөндіруді  ұйымдастыру салаларында басшылықтыжүзеге асырады.

 

өрт 1.jpg

өрт 2.jpg

         Қауіпті де күрделі қызмет

Барлық кезеңде төтенше жағдайға ден қою қызметі кәсіби дамыды, құтқару бөлімшелерімен толықтырылды. Бүгінде Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті өнеркәсіптік қауіпсіздік, апаттар медицинасы, өрттен қорғау, құтқару қызметі, төтенше жағдайлар құрылымдарын үйлестіреді. Өңірлік ведомствода 800-ден астам қызметкер жұмыс істейді.

  Күрделі авариялық және іздестіру-құтқару жұмыстарын Жедел-құтқару жасағы орындайды. Биылғы жылдың он айында құтқарушылар 645 оқиға орнына шықты, оның ішінде 141-авариялық–құтқару жұмыстарына, 13-іздестіру-құтқару жұмыстарына, 8-жол-көлік оқиғасына, 218-тұрмыстық сипаттағы, 17 оқу-жаттығуға, 248 басқа да жұмыстарға атсалысты. Авариялық-құтқару, іздестіру жәнебасқа дашұғыл жұмыстардың нәтижесінде 346 адам құтқарылды, оның 220-сы бала. 82 адам эвакуацияланды (оның 4-еуі бала). Әр түрлі ТЖ-да құтқарушылар қаза тапқан 23 адамның денесін (оның 2-еуі бала) шығарды, 33 бас жануарды құтқарды. Кейде құтқарушылар әр түрлі оқиғаларға шығуға мәжбүр болады. Мысалы, есепті кезеңде адамдардың ісінген саусақтарынан сақиналарды алу үшін 25 шығу тіркелді, 14 рет ғимараттардан және тұрғын үйлерден жарқанаттарды шығарды, 14 рет жыландарды аулады.

ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы  орталығы ММ Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандары 10 ай кезеңінде ТЖ орындарына 285  шұғыл шығу жасаған. «Шиелі», «Жосалы», «Әйтеке би» күре жол медициналық құтқару пунктінің мамандарының шұғыл шығу саны –  99.

«ҚазАвиаҚұтқару» АҚ-ның облыстағы бөлімшесімен қыс-көктем мерзімінде Сырдария өзеніне мониторинг, санитарлық авиация тапсырысы бойынша, сонымен қатар оқу-жаттығуға орай 2024 жылдың 10 айында 61 рет ұшу тіркелді.

 

өрт 3.jpgөрт 4.jpg

Төзім сыналған сәт     

Қызылордалық құтқарушылар көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар кезінде Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында аянбай тер төкті. 

– «Бұл іс-шараларға үстіміздегі жылдың 26 наурызы мен 14 мамыры аралығында өңірдің 102 қызметкері қатысты. Сонымен бірге Департамент тарапынан 12 бірлік техника, 30 мотопомпа, 8 қайық жұмылдырылды. «Олар батылдық пенантқа адалдықтың үлгісін көрсете білді», - деді облыстық ТЖ департаментінің бастығы Руслан Қайрақбаев.

– Аталмыш кезеңде қызметкерлердің үйлесімді және жедел жұмысының арқасында апаттан зардап шеккен 1395 азамат эвакуацияланды, қауіпсіз жерге 1565 мал мен 2 көлік шығарылды, 589 мың м³ аса су тартылды, 27 мың дана қапқа құм толтырып, бөгеттерді нығайту жұмысын жүргізді. Зардапшеккен өңірлерге 10 тонна гуманитарлық көмекті жеткізді. Олардың барлығы отбасыларына аман-есен оралды.

Биыл облысаумағында төтенше жағдайларды жою бойынша 2,8 мыңнан астам оқу-жаттығу өткізілді (15кешенді, 16 командалық-штабтық, 36 арнайы тактикалық, 826 авариялық жағдайлар бойынша  жаттығу, 907 сейсмикалық жаттығу, 861 эвакуациялық жаттығу және басқа). Су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кешенді іс-шаралар 2022-2024 жылдарға арналған өңірлік жоспар шеңберінде қабылданады. Есепті кезеңде қабылданған шаралардың арқасында өткен жылдың сәйкес кезеңінде судағы жазатайым оқиғалардың саны 83,3 пайызға төмендеді.

Адам өмірін сақтаудағы ерекше миссия өрт сөндірушілерге жүктелген. Облыстық ТЖ департаменті жергілікті билік органдарымен бірге өрттің алдын алу бойынша халық пен ұйымдар арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 2024 жылғы 10 айдағы мәліметі бойынша ТЖД есебінде 8648 нысан бар, оның ішінде 2130 – жоғары тәуекел дәрежесіне, 424 орта тәуекел дәрежесіне және 6094 елеусіз тәуекел дәрежесіне жатқызылған. Есепті кезеңде 1223 нысан тексерілді. Тексерулер барысында 11468 тармақты құрайтын өрт қауіпсіздігі талаптарының  бұзылуы анықталды. Қабылданған алдын алу шараларына қарамастан, облыста 361 өрт орын алды (өткен жылмен салыстырғанда 26-ға аз), 7 адам қаза тауып, 11 адам түрлі жарақат алды. Осы жылыту маусымына дайындық аясында облыста өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілді. Түсіндіру жұмыстары жылыту маусымы аяқталғанға дейін жалғасады. Облыс бойынша аз қамтылған, көп балалы отбасылармен мүгедектігі бар адамдар тұратын 5463 үйдің тізімі нақтыланды. Жергілікті бюджет есебінен 160 дана датчик сатып алынды. Оның 116-сы жоғарыда аталған үйлерде орнатылған, бұған қоса тағы 484датчик сатып алу көзделді.

Жалпы облыс аумағында 112 мыңнан астам тұрғынды қамти отырып, 94 елді мекенге қызмет көрсететін 30 өрт сөндіру бекеті құрылды.

Департамент жергілікті билікпен бірлесіп қысқы-көктемгі кезеңде су тасқынының алдын алу бойынша кешенді шаралар жүргізуде. Су басуға бейім учаскелер мен гидротехникалық құрылыстарға мониторинг жүргізетін жұмыс тобы құрылды. Қауіпті аймақтарға қажетті арнайы техникалары менмамандары бар жауапты мекемелер бекітілген. 

 

өрт 5.jpgөрт 6.jpg

Антқа адал азаматтық қорғау саласының мамандары

Құтқару қызметі жігерлі де жалын жүректі жауынгерлерімен мақтанады. Жүректі құтқарушылардың қатарында Қызылорда қаласының №7 өртсөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі, 27 жастағы Мұхтар Қуантаев бар. Ол өткен жылдың маусым айында қызметтен тыс уақытта ол 61 жастағы қызылордалық мүмкіндігі шектеулі азаматшаны отқа оранған пәтерінен шығарып, құтқарып қалды. Ағымдағы жылдың маусым айында Байқоңыр қаласының№8 өртсөндіру бөлімінің командирі Шәкизат Әлқуат суға батып бара жатқан 22 жасар қызды құтқарды. Жиырма жылдық қызметі барысында құтқарушы сүңгуір Доспенбетов Мейрамбек Мұхамбетқалиұлы су айдынынан 100-ге жуық адамды құтқарды. Мейрамбек Мұхамбетқалиұлы сонымен бірге халықаралық құтқарушы атағына ие кәнігі маман. Сондай-ақ, тәжірибелі өрт сөндірушілер Рауан Шазында, Фархат Тәжиев және басқа да мамандар жерлестерінің өмірін сақтап қалуға өз үлестерін қосқан. Мұндай мысалдар жеткілікті. Қызылордалық құтқарушылардың арасында республикалықжәне әлемдік деңгейдегі түрлі жарыстарда өңірлік ведомствоның намысын қорғайтын көптеген табысты спортшылар бар. Олардың қатарында Әсел Жадырасынова, Ақерке Жұмадинова, Сәния Болатбек, Жандаулет Өндрей, Еркін Әбдібек және басқалар бар.

«2024 жылғы 10-15 маусым аралығында Шымкент қаласында өткен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Кубогы үшін VII турнирінде облысымыздың құрама командасы жалпы командалық есеп бойынша ІІ орын алды.

Шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 4-ші қабатына көтерілу сайысында Әбдібек Еркін тапсырманы 14.27 секундта орындап, ІІ орынды иеленді. Қос сайыс бойынша (шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 4-ші қабатына көтерілу, 100 м кедергілер жолағынан өту) Әбдібек Еркін 30,76 секунд уақытымен 
ІІ орын, жауынгерлік қанат жаю түрінен облыстың ерлер құрама командасы (Хон Виталий, Әбдібек Еркін, Сәрсенбай Сағи, Ілиясов Айболат, Ідіріс Әділжан, Сейтхали Нұржан, Әбдуапов Бахуадин) 28.32 секунд уақытымен ІІ орынды иеленді.

2024 жылғы 20-21 маусым күндері Байқоңыр қаласында өткізілген Ресей Федерациясының Өртке қарсы күзетінің 375 жылдығына арналған өрт-сөндіру құтқару спортында  Қызылорда облысы ТЖД құрама командасы 1 орынды иеленді.

16 қыркүйекте Қырғыз Республикасының Бишкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қоян-қолтық ұрыста өзін-өзі қорғау тәсілінен өткен сайыста Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» РММ маманы Ақерке Жұмадинова 2-орынды иеленді. ​ Сонымен қатар аталмыш мекеменің қызметкері Бақдәулет Бақыт Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өткен чемпионатта «Aiga» спорт түрінен 76 кг салмақта 2-орынды иеленді.

24 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Ақмола облысы Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің қоян-қолтық ұрысы бойынша ерлер мен әйелдер арасындағы I кубок жарысы өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша 48 салмақ дәрежесінде Жұмадинова Ақерке және 53 салмақ дәрежесінде Болатбек Сәния ІІІ орын иеленді.

10-13 қазан аралығында Өзбекстан Республикасының Бұхара қаласында қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты өтті. Әйелдер арасында қызылордалық қызметкеріміз Болатбек Сания 53 кг салмақ дәрежесінде қола медалді иеленді.

14 қазанда Түркістан қаласында өткен ҚР өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жазғы әйелдер арасындағы Х чемпионатында Қоссайыстан 2-орынды №6 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі, азаматтық қорғау кіші сержанты Жадырасынова Әсел иеленді.

9-15 қыркүйекте Алматы қаласында «Жартасты қала – Астана» полигонында ұшқышсыз ұшу аппаратының Орта Азия мемлекеттерінің арасында Төтенше жағдайлар және апат қаупін азайту орталығы тренинг ұйымдастырды. Тренинг барысында 15 команданың қатысуымен жарыс өткізілді. ТЖ тапсырмаларына арналған ұшқышсыз ұшу аппаратын қолдану бойынша шеберлік-тренингі аясындағы жарыстың нәтижесінде Қызылорда облысы ТЖД Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімшесінің аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты Совет Жасұлан 1-орынды иеленіп, 1-дәрежелі дипломмен марапатталды»,-деді өңірдің бас құтқарушысы Руслан Қайрақбаев.

3-9 қараша аралығында классикалық шахматтан Қызылорда облысы әкімінің I ашық кубогы өткізілген болатын. Осы жарыста облыстық мемлекеттік қызметшілер мен бюджет саласының қызметкерлері арасында ұйымдастырылған блиц турнирде Қызылорда облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының инженері Зат Әкім Асқарұлы 1 орынды иеленді.

Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» РММ өрт сөндіру бөлімдерінің арасында 2024 жылғы 10 айда және 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес қызметкерлердің физикалық деңгейін дене шынықтыру дайындығын арттыру мақсатында «Кроссфит», «Өрт сөндіру-құтқару спорты», «Үздік газ-түтіннен қорғаушы», «Үздік ГТҚҚ буыны», «Үздік радиотелефонист», «Үздік штаб үстелі», «Үздік жүргізуші» жарыстары өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орын алған өрт сөндіру бөлімдері алғыс хаттармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Күнделікті азаматтық қорғау саласындағы жетістіктері үшін де көптеген тәжірибелі қызметкерлермемлекеттік және ведомстволық наградалармен, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, алғыс хаттарымен марапатталған. ҚР ТЖМ-нің наградасымен 14 қызметкер марапатталды.

Білім мен біліктілікті арттыру, салауатты өмір салтын сақтау қызметкерлердің күнделікті қағидасына айналған. Сонымен бірге Көкшетау қаласындағы М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға жыл сайын өңірден талапкерлерге оқуға қабылдану үшін сынақтар тапсыруға жолдама беріледі. Азаматтық қорғау академиясына үміткерлерді тарту бойынша оқушыларға үгіт-насихат жұмысы жүргізіліп, 4150-ге жуық жадынама таратылып, Департаменттің әлеуметтік желілерінде 38 рет ақпарат жарияланды.

ТЖ қызметінің қалыптасуының ұзақ жылдарында азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру, құтқару техникасымен жабдықтарын сатып алу, қызмет өткеру жағдайларын жақсарту, кәсіби кадрларды даярлау, өрт сөндіруді дамыту бойынша үлкен жұмыс атқарылды.

Жаңақорған ауданы №14 өрт сөндіру бөлім ғимараты жергілікті атқарушы орган есебінен табиғи газға көшіріліп, бөлімнің жылыту жүйесі толығымен қайта жүргізілді. Қазалы ауданының кәсіпкерлер демеушілігімен Қазалы ауданы №15 өрт сөндіру бекеті ғимаратының жылу жүйесін табиғи газ жүйесіне қосу жұмыстары жасалып, табиғи газға ауыстыру үшін қажетті жылыту пеші және құрылыс материалдарымен жабдықталды. Қазіргі таңда өрт сөндіру бекетінің ғимараты толығымен табиғи газ желісіне қосылды. Сонымен қатар Қызмет ғимаратына қайта әрлеу, кафельдерін жаңарту жұмыстары жүргізілді. Қызылорда қаласы №5 өрт сөндіру бөлімінің сыртқы қабырғаларын заманауи үлгіде әрлеу жұмыстары толығымен аяқталды. Қызылорда қаласы №4, 5 өрт сөндіру бөлімдерінің ғимараты қоршалып, аулаға кіру қақпасы жасалды.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен лизинг шеңберінде 14 бірлік өрт сөндіру автомобильдері сатып алынып, өрт сөндіру бөлімдеріне берілді. Оған қоса қызмет дрондармен толықтырылды.

Бүгінде төтенше жағдайларды жою мен оның алдын алуда, өрттерді сөндіруде, адамдарды құтқаруда өрт сөндірушілер, құтқарушылар, кинологтар, дәрігерлер, психологтар, диспетчерлер, ұшқыштар тер төгуде. Олар көтерген жүк те салмақты, абырой да биік. Өйткені, қауырт қызметтің өкілдерінің мақсаты – қоғамды қауіп пен апаттан құтқару.      

 

өрт 8.jpg

 

Айгүл Нұрманова,

ҚР Журналистер Одағының мүшесі

Тағы да оқыңыз: