Kyzylorda-news.kz. «AMANAT» партиясынан Қызылорда облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі жалғасуда. Бүгін партиялықтар «ҚТЖ-Жүк тасымалы» Қызылорда теміржол бөлімшесінің ұжымымен кездесіп, үгіт жұмыстарын жүргізді.

Қазақстанның заманауи экономикасының қалыптасуында теміржол саласының маңызы зор. Республиканың орасан зор аумағын, көптеген өндіріс салаларындағы жүк көлемінің ауқымын ескерсек, жүк тасымалындағы бұл сала мемлекетіміздің негізгі тұғыры, еліміздің өндірістік күшін біріктіруші тетік деуге толық негіз бар. 
Жиын барысында облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Батырхан Базарбаев: «Теміржол саласы үнемі жаңашылдықтарды қажет ететін сала. Жүк және жолаушы тасымалы ыңғайлылық үшін технологияларын үнемі дамытып отырады.

Соңғы жылдары сала айтарлықтай дамыды. Еліміз бойынша 2 мың шақырымнан астам жаңа темір жол учаскелері салынды. Көлік-логистикалық орталықтар жедел қарқынмен бой көтеруде. Отандық және шетелдік жүк жөнелтушілер үшін жаңа тартымды бағыттар құрылуда. Ғасырлық тарихы және ертеден келе жатқан сара жолы бар Қазақстанның теміржол көлігі – бұл ел экономикасының берік және сенімді іргесі»,-деді.

Ал келесі облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Нәжмадин Шамұратов Мемлекет экономикасының басым бөлігі шойын жолмен тікелей байланысты десек те артық болмастығын айта келе, партияның сайлауалды бағдарламасына тоқталып, көпшілікті толғандырған сауалдарына жауап берді. Соның ішінде, әлеуметтік қамсыздандыру, ана мен баланың құқығының қорғалуы, білім мен денсаулық саласына қатысты сұрақтар қойылды.
Түйіндей келе, Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде 2556,5 шақырым темір жолдың салынуы – Мемлекетіміздің өркендеуіне сеп болды. Сол арқылы темір жол желісін оңтайландыруға мүмкіндік берді және елдің жүк тасымалына жұмсалатын уақытын қысқартты. Осылайша, жүк жөнелтушілердің көліктік шығындары айтарлықтай үнемделді», -деп атап өтті үміктер өз өзінде.

Кездесу барысында үміткерлер ұжым қызметкерлерін 19 наурызда  «AMANAT» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

IMG-20230307-WA0038.jpgIMG-20230307-WA0037.jpg

Тағы да оқыңыз: