Kyzylorda-news.kz. Байқауға мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған, 2021 жылғы 1 наурыздан 1 тамызға дейін БАҚ-та, оның ішінде, этноБАҚ-та және газетте жарияланған баспасөз материалдары, бейнесюжеттер қабылданады.
Конкурстың мақсаты – этносаралық қатынастар тақырыбын жазып-көрсететін журналистерді ынталандыру арқылы елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елдегі татулық пен бірліктің беріктігін насихаттау.
Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік тақырыбын жазып-көрсететін қазақстандық БАҚ өкілдерінің рөлдері мен жауапкершіліктерін арттыру болып табылады.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
– ақпараттық жаңалықтар мен телевизиялық бағдарламалардың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған ең үздік репортаж;
– баспа басылымдардағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған ең үздік мақалалар;
– интернет ресурстағы қазақ және орыс тіліндегі ең үздік жариялымдар.
Байқаудың толық ережесін Қызылорда. Ассамблея facebook парақшасында, «Сыр бірлігі» YouTube каналында, Kyzylorda.assambleya instagram парақшасында көруге болады.
Байланыс телефоны: 8 7242 70 03 92; 8 777 451 22 77.