Kyzylorda-news.kz. 22 қарашадан облыстағы білім беру ұйымдарында «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтық алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары басталды.

Шараға облыстық білім, денсаулық, қоғамдық даму басқармалары мен облыстық прокуратура, полиция департаменті, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің облыс бойынша басқарма мамандары қатысуда.

Алғашқы 4 күн бойынша құқықтық түсіндірме шаралары Қызылорда қаласындағы 19 колледжде, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы 11 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен облыстағы 123 мектепте ұйымдастырылды. Аталған шараға 8-11 сынып аралығындағы 13197 оқушы және 1-2 курста білім алатын 3118 студент қатысты.

Кездесулер барысында білім басқармасының маманы Ш. Байғазиева құқықтық тәрбиенің маңыздылығына тоқталып, бұл бағыттағы жұмыстарды кең көлемде жүргізу кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алдын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сондай-ақ, денсаулық саласының өкілдері нашақорлықтың адам денсаулығына зияны жөнінде баяндаса, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жастармен жасалатын қылмыс, зорлық-зомбылық әрекеттерінің алдын алу бойынша құқықтық түсіндірме берді.​ ​ ​ ​ ​

Жиында білім алушыларға арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық жадынамалар таратылды. Айта кету қажет, жоспарға сәйкес профилактикалық түсіндіру жұмыстары мектептер мен колледждерде 30 қарашаға дейін жалғасатын болады.

FB_IMG_1669391019647.jpgFB_IMG_1669391028094.jpgFB_IMG_1669391012780.jpg

Тағы да оқыңыз: