Kyzylorda-news.kz. 26 арашада «Amanat» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Арман Мажитов Астана қаласында  өткен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысты пікір білдірді.  

«Бүгінгі ұлықтау рәсімі барысында Орталық сайлау комиссиясы жаңадан сайланған Президентке Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін тапсырды. Сонымен қатар, Президент Қазақстан халқына ант берді.
Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің Әділетті Қазақстанды қалыптастыруға зор серпін береді.
Әрбір Президент сайлауына, сайланған Президентке ха¬лықтың үлкен үмітпен қа¬райтыны – заңдылық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сөзінде еліміздің әрі қарайғы дамуының он бағытын белгілеп, нақты жоспарларымен бөлісті.
Біз көрнекті дипломат, мемлекетшіл қайраткер ретінде танылған Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім білдіріп, Президентіміздің бастамаларын қолдауға әр кез дайынбыз. Барлығымыз да Қазақстанның болашағы жарқын болып, әлемдік аренадағы беделінің өсе түсуіне мүдделіміз. Енді жаңадан сайланған Президентіміз алдағы уақытта еліміздің гүлденуіне, халықтың әл-ауқатының артуы үшін бар тәжірибесін, күш-жігерін аямайды деп сенеміз», - деді «Amanat» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Арман Мажитов. 

FB_IMG_1669445992953.jpg

Тағы да оқыңыз: