Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Алматы қаласының іргесі Нұра ауылындағы сайлаушылармен кездесті. Алматыдан Жетіген ауылына қатынайтын № 220 автобусқа отырып, халықпен бірге соңғы аялдамаға дейін барды. Жол бойы ауыл жайлы әңгіме өрбітті. Нұрадатұрғындармен кездесті. Елдімекеннің тұрмыс-тіршілігімен танысты. Ауылға дейінгі жол сапасын көзімен көрді. Олардың ел өміріне қатысты пікірлерін тыңдады.

Нұра ауылы Алматы қаласынан 42 шақырым жерде орналасқан елді мекен. Кеңес үкіметі кезінде италия технологиясымен салынған, 10 мың ірі қара бордақылайтын Қазақстандағы жалғыз мал бордақылау кешені, 3 500 бас сиыр сауылатын сүт фермасы бар, жоңыршқа, жүгері және басқа дақылдары жайқалған да миллионер ауыл болды. Бірақ бүгін мұның бәрі өткен шақта айтылады. Бүгінде бұл ауылды да Қазақстанның бүкіл елдімекеніне тән жұмыссыздық жайлаған. Тұрғындардың басым бөлігі күн сайын Алматы қаласына қатынап жұмыс істеуге, студент жастары қала іргесіндегі ауыл саналатындықтан жатақханадан орын берілмейтіндіктен қатынап оқуға мәжбүр. Алайда ауыл мен Алматы арасында автобус жүрмегеніне 4 жылдай уақыт болған. Ол мәселені шешуге биіктегі биліктің ешқайсы құлық танытпаған. «Автомобиль көлігі туралы»ҚР Заңыбойынша қала маңындағы елу шақырымға дейінгі елдімекен қалалық қоғамдық көлікпен қамтамасыз етілуі керек болса да, мәселесот шешімі шықса да орындалар емес.Алматы қаласының әкімдігі сот шешімін орындаудың орнына қарсы шағым жазып әлек. Аталған ауылды су, жарық, денсаулық сақтау, білім берумен қамту да тек Қазақстанға тән жүйе – қағаз бетінде  жүзеге асқан. 

«Алматы мен Нұра ауылы арасындағы автобус қатынасының мәселесіне «Ауыл» партиясы араласып, сотта ауыл тұрғындарының пайдасына шешім шығарылғанын білесіздер. Десек те, ол әлі де орындалған жоқ. Қала маңындағы ауыл осындай күйде болғанда шалғай елдімекендердің жай-күйі жайлы не айтуға болады. Сондықтан да менің сайлауалды бағдарламамның басым бөлігі ауыл шаруашылығын, ауылды жерлерді дамытуды басты назарға алған. Әлемдік қауымдастық мемлекет мәртебесін мегаполистермен емес, алыстағы ауылдың ахуалымен өлшейді. Сондықтан да мен Қазақстанды аграрлы державаға айналдыруға бар күшімді саламын», – деді Жигули Дайрабаев.

Кездесуде кандидат бағдарламасына қызығушылық танытып, қызу қолдау білдірген ауыл тұрғындары оған саяси тартыста табыс тіледі. Өз мәселелерінің жақын арада шешімін табатынына сенім білдірді.

312939057_484388233722314_2806196701299118022_n.jpg312368605_484388213722316_1859393875584163804_n.jpg312881611_484388227055648_276025627397811043_n.jpg
 

Тағы да оқыңыз: