Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданына қарасты Жаңадария ауылындағы №152 сайлау учаскесінің жұмысы таңғы сағат 7:00-де басталды. 

Шалғай ауылдағы №152 участікке қарасты 314 сайлаушы болса, қазіргі таңда оның 50-ге жуығы өз таңдауын жасаған. Ертемен басталған сайлау науқанына алғашқы болып келген ауыл азаматы Н.Желдербаевтың белсенділігі ауыл жастарына үлгі болуда. Ал ауыл ақсақалы, ең қарт сайлаушымыз – С.Тұрмаханов. Саналы ғұмырын білім саласына арнаған азамат бұған дейінгі барлық саяси науқаннан қалып көрген емес. Бүгінгі науқанда да келіп, өз таңдауын жасайды деп күтудеміз» дейді елді мекендегі №152 сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы Е.Жүсіпбеков.
 

WhatsApp Image 2022-11-20 at 10.13.32.jpeg

Тағы да оқыңыз: