Kyzylorda-news.kz. ҚР Президенттігіне сайлау науқаны Жалағаш ауданына қарасты Аламесек ауылдық округіндегі №151 сайлау учаскесінде таңғы сағат 7:00-де Мемлекеттік Әнұранмен басталды.

Сайлау учаскесі сайлау комиссиялары мүшелерінің, БАҚ өкілдерінің, байқаушылардың және сенім білдірген адамдардың қатысуымен сайлау туралы заңның талаптарына сай, барлық процедураларды орындай отырып, Мемлекеттік Әнұранмен ашылды.

Ауылдық округте таң атысымен өз таңдауымды жасаймын деп келген тұрғындардың белсенділігі жоғары. Алғашқылардың бірі болып Нұржан Әбдәлиев күндегі тіршілігін бір сәтке ысырып қойып, сайлау учаскесіне келіп, азаматтық борышын орындады.

«Бүгін еліміз үшін саяси маңызды күн десем болады. Барлық кандидаттармен және олардың сайлауалды бағдарламаларымен етене таныспыз. Менде ауыл халқымен бірге өз таңдауымды жасап, азамматтық белсенділігімді көрсеттім. Елімізге тыныштық, бірлік, береке тілеймін Дауысымды қай үміткерге бергенім жасырын болсын», – дейді ауыл тұрғыны.

Айта кетейік, ауылдағы білім ошағында жұмыс жасайтын Нұржан Әбдәлиев көпбалалы әке. Ол бұған дейінгі саяси науқандардан да шет қалмапты.

WhatsApp Image 2022-11-20 at 10.31.51.jpeg
 

Тағы да оқыңыз: