Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданы орталығынан шалғай орналасқан елді мекендердің бірі Аламесек ауылдық округінде де сайлау учаскесіне келген халықтың қарасы көп. Елді мекендегі мәдениет үйінде орналасқан №151 сайлау учаскесіне таң атысымен өз таңдауын жасауға асыққан елдің санынан белсенділік байқалады. Сайлау учаскесінің төрағасы Әбдіқайыр Әйтімов бүгінгі саяси науқанда жергілікті халықтың белсенділігін жоғары бағалап отыр. 

«Таңғы сағат 7.00-ді күтіп кезекте тұрған ауыл халқын көріп қуанып қалдым. Бұл аламесектіктердің ел болашағына бейжай қарамайтынын аңғартса керек. Бағалы сыйлықтарға ие болған сайлаушыларымыз да жоқ емес. Мәселен, бірінші келген сайлаушы, ең жас сайлаушы, ең үлкен сайлаушы және әрбір жүзінші келген сайлаушыларға бағалы сыйлықтар табыстадық, – дейді төраға Әбдіқайыр Әйтімов.

Айта кетейік, Аламесек ауылдық округінде барлығы 964 сайлаушы бар. Сағат 10.00-ге дейін сайлаушылардың 40 пайызы өз таңдауын жасап үлгеріпті. Осыдан-ақ шалғай ауылда саяси науқан жоғары деңгейде өтіп жатқанын аңғарамыз. 

Аламесекте ең қарт сайлаушы 93 жаста екен. Ауыл тұрғыны, ардақты әже Рахима Абызбаева өз үйінен дауыс береді. Оған сайлау учаскесі тарапынан барлық жағдай жасалған. 
 

WhatsApp Image 2022-11-20 at 13.31.24.jpegWhatsApp Image 2022-11-20 at 13.31.29.jpeg

Тағы да оқыңыз: