Kyzylorda-news.kz. Бүгін Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Қостанай және Ақмола облыстарының сайлаушыларымен 60-тан астам кездесу өткізді.

Мәселен, Қостанай облысының Әулиекөл ауылында өрттен зардап шеккен жергілікті тұрғындармен кездесу өтті.

«Бүгін Республикалық штабтың мүшелері Әулиекөлге ең алдымен аудан тұрғындарымен кездесу үшін келді. Әулиекөлде зардап шеккен тұрғындарға арналып, екі айдан аз уақыт мерзімде жаңадан «Бірлік» шағын ауданы бой көтерді. Баспанасынан айырылған 91 отбасы күн суымай тұрып жаңа үйге кірді», – деп атап өтті Республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы Асхат Оралов.

Бұдан соң, Қостанайда өңір жұртшылығымен кездесу өтіп, онда РҚШ мүшелері әділетті өңірлік саясатты қамтамасыз етуге бағытталған сайлауалды бастамаларды түсіндірді.

Сайлауалды бағдарламада көрініс тапқан жұмыспен қамту және жұмысшылардың құқықтарын қорғау мәселелерін ССКӨБ, «Агромашхолдинг», «Баян Сұлу» және т. б. кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен кездесу барысында талқылады.

Ақмола облысында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттерімен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесу барысында РҚШ мүшелері кандидаттың білім беру құндылықтарын ілгерілету, білім және ғылым саласын, жастар саясатын дамыту жөніндегі бастамаларын назарға алды.

Бұдан соң, өңірдіңауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен фермерлік шаруашылықтарының өкілдерімен іс-шара өтті. РҚШ мүшелері сайлауалды бағдарламада көрініс тапқан аграрлық секторды дамыту жөніндегі шараларды түсіндірді.

Сондай-ақ, штаб мүшелері туристік кластер өкілдерімен ШОБ-ты дамытуға қатысты шараларды талқылады.

Бағдарламада көрініс тапқан еңбек адамының құқықтарын қорғау бастамалары «KazRost Engineering LTD» зауытының, Степногорск ЖЭО, Макинск құс фабрикасының еңбек ұжымдарымен және т.б. кездесулер барысында талқыланды.

Сайлау науқаны басталғаннан бері еліміздің барлық өңірінде 10 мыңнан астам үгіт-насихат іс-шарасы өтті.

3.jpg2.jpg
 

Тағы да оқыңыз: