Kyzylorda-news.kz. Бүгін «AMANAT» партиясы облыстық филиалының  «TALQYLAU» диалог алаңында партияның кезектен - тыс ХХІV съезінде қабылданған шешімдер талқыланды. Оған съезд делагаттары мен Халықтық коалиция мүшелігіндегі саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер сондай-ақ саясаткерлер мен қоғам белсенділері қатысты. 

«AMANAT» партиясы облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары  Алтынбек Жарылқасынов  ең алдымен партия съезінде  қабылданған жаңа Саяси тұғырнама төңірегінде атап өтті. Ол негізгі идеологиялық құжат дамудың негізгі бағыттары мен саяси бірлестіктің принциптерін көрсететіндігін жеткізді. 

«Бұл құжатта партия еліміздің болашағы туралы идеясын айқын көрсетіп отыр. Бұл бір күнде ғана емес, бірнеше ай бұрын түрлі сарапшылар мен партияластар талқылауына салынып, барлық өңірлерден ұсыныстар жинау және әлеуметтік сауалнамалар жүргізу арқылы партияның әрбір мүшесіне құжатқа қатысты өз пікірін айтуға мүмкіндік берілді. Соның нәтижесі ретінде, партияның жаңа құжаты қоғамымыздың  әртүрлі топтарының көзқарастары мен мүдделерін көрсетіп отыр», – деді Алтынбек Жарылқасынов.

Съез делегаты, облыстық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Жорабек Нұрымбетов «AMANAT» партиясының съезінде елдік маңызды  шешімдердің  қабылдануы партияның еліміздегі ең ірі, ықпалды саяси күші ретінде әрқашан қоғамдық –саяси үдерістердің бел ортасында жүріп, түрлі көзқарастар мен ой пікірлердің тоғысатын, үндесетін алаңына айналып отырғандығын атап өтті. 

Саясаттанушы Сәулет Сахиев өз сөзінде жаңа саяси тұғырнама: «Адам – мемлекеттің басты байлығы» идеясына негізделгендігін атап өтті. 

«Басты құжаттың Адам-Қоғам-Мемлекет қағидасына негізделуі бұл - Әділетті Қазақстанды құру идеясына сәйкес келеді. Құжатта партия «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын нақты ұстанып отыр. Партияның мақсаты –әрбір азаматтың  құқықтары мен мүдделері қорғалатын, сапалы білім мен медициналық қызмет ала алатын және өзінің жоспарын жүзеге асыра алатын әділетті, өркендеген мемлекет құру», - деді ол.

Философия ғылымдарының докторы, партия филиалы жанындағы «Miras» аймақтық кеңесінің төрағасы Баймырза Қожамберлиев алқалы жиын аясында форум өтіп, онда Президенттікке үміткер ұсыну мақсатында Халықтық коалицияның құрылуы жаңа саяси мәдениет қалыптасып келе жатқандығының көрінісі екенін жеткізді. 

Өз кезегінде сөз алған Қазақстан халық  партиясының облыстық филиалының төрағасы Мұрат Смайлов партияның Халықтық коалицияға бірігуі мен Президенттікке ортақ үміткер ұсынуы Әділетті Қазақстан құру идеясының Қазақстан халық  партиясының алға қойған ортақ мақсаты мен үндескендігін деп атап өтті.

c427afb9-36f5-41e6-b438-a9f7cc65659b.jpg

2e8218ce-fdf2-4979-a82c-15a9133c1917.jpg

Тағы да оқыңыз: