Kyzylorda-news.kz. Кезектен тыс Президент сайлауының өтуіне 12 күн қалды. Бұл – ең алдымен еліміздің болашағына үлкен үміт артар жұртшылық үшін үлкен мүмкіндік және маңызды күн. Осы жылғы кезектен тыс Президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынған азаматтар бүгінде үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті. Бірақ таңдау еркі – халықта.

Бұл сайлаудың бір ерекшелігі, енді Президенттің өкілеттік мерзімі 7 жыл болады.

Сайлау – халық пен билік арасындағы көпір тәріздес. Алдағы саяси науқан еліміздің одан әрі дамытуға жасалған маңызды қадам. Сондай-ақ бұл қадам – көпшілік дауысымен шешілетіні анық.

Алдағы сайлаудан барлығымыздың күтетініміз – елдің ертеңгі болашағы. Сондықтан бұл саяси науқаннан тыс қалмайық. Себебі әрбір адамның дауысы өте маңызды.

Шынаргүл ЖЕҢСІКБАЕВА,
«Шапағат» мүгедек балаларды сауықтандыру орталығының директоры

Ш.jpg

Тағы да оқыңыз: