Kyzylorda-news.kz. ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Ақтөбеде Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің студенттері және профессор-оқытушыларымен кездесті.

Болашақ мамандарды тұрғын үй сатып алу және жұмысқа орналасу мүмкіндігі сияқты тақырыптар да қызықтырды.

«Менің бағдарламамда жастарға ерекше көңіл бөлінетіні атап өтілді. Өйткені олар еліміздің болашағын құруда. Жастарға барлық жолдарды ашып, өзін-өзі дамытуға, үй сатып алуға, кәсіби каръерасын құруға барлық мүмкіндіктер жаратуымыз қажет. Өйткені, адам әлеуметтік мәселелерге қаншалықты аз көңіл бөлсе, соғұрлым ол жұмысқа және өзінің кәсібилігін арттыруға көп көңіл бөледі. Бұл жалпы ел экономикасына әсер етеді», - деді ол.

Тағы да оқыңыз: