Kyzylorda-news.kz. Елімізде 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Қазіргі таңда Мемлекет басшысы лауазымына 6 кандидат ұсынылып отыр. Әрқайсысының елді дамытуға деген жаңа мақсаттары, ұсынып отырған бағдарламалары бар.
Бұл науқан елдің бүкіл саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін кезеңді бастап береді. Сол арқылы экономиканы тұрақты дамытуды, халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін ұзақ мерзімді міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік туады.
Сондықтан баршаңызды алдағы Президент сайлауына белсене қатысуға шақырамын. Жұртшылық болып, ел тағдырын шешетін тағы бір науқанды бірге алып шығайық, жерлестер.
Мейірман МЕҢДІБАЙ,
Қазалы ауданы, Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей мұғалімі