Kyzylorda-news.kz Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық қоғамдық штабқа келіп, кезектен тыс Президент сайлауындағы «Ашық қоғам» аймақтық зерттеулер халықаралық институты жүргізген Exit poll-дың қорытындысымен танысты.
Еxit poll нәтижесі бойынша Қ.К.Тоқаев 82,45 пайыз дауыс жинады деген мәлімет жарияланды. Бұл қазақстандықтардың сайлауға келіп, Қасым-Жомарт Кемелұлына, Әділетті және Қуатты Қазақстанға дауыс беріп, дұрыс таңдау жасауы деп білеміз. Сайлау өз дәрежесінде әділ әрі ашық түрде өткізілді.
Сайлауға Сыр халқының 81,07 пайызы қатысып, Әділетті Қазақстан құруға ниетті екендіктерін көрсетті. Бұл – ел бірлігінің айқын көрінісі.
Қ.К.Тоқаевтың жеңісі – халқымыздың ортақ жеңісі!
Әділетті Қазақстанды бірге құрайық!
Ләйлә ТӨРЕШОВА,
Облыстық партия филиалының Атқарушы хатшысы.