Kyzylorda-news.kz. Алдағы президент сайлауы «BIR TOLQYNDA» жастар диалог алаңының отырысында талқыланды. 

Астана қаласы мәслихатының депутаты, эндохирургия клиникасының басшысы Салтанат Дженалаева ел болашағы жастардың қолында екенін атап өтті. 

«Қай заманда болсын, жастар қауымы реформаларды жүзеге асыру ісінің негізгі қозғаушы күші болды. Себебі жастардың бойында жаңа ой, жаңа көзқарас, жаңа мақсат пен ұмтылыс бар. Біз өзгерістер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Ертеңгі ел тағдыры бүгінгі жастардың қолында», – деді депутат. 

Өз кезегінде, Астана қаласы мәслихатының депутаты, №6 емхананың бас дәрігері Динара Байсеркина жастар қауымын дауыс беру күні азаматтық ұстаным танытуға шақырды.

«Дамудың барлық стратегииқ жоспары, жаһандық барлық мәселелерді шешу міндеті – жастар қауымының ыығына артылған жүк. Олардың ізденуге, жетілуге, дамуға мол мүмкіндігі бар. Еліміз жастардың дамуына бар жағдайды жасайды. Жастарым президентыз сайлауына белсенді қатысатынына толық сенімдімін», – деді ол. 

Кездесу соңында диалог алаңының модераторы, Халықтық Коалиция белсендісі Арсланбек Мағзұм алдағы сайлау туралы өз пікірін білдірді. 

«Бәріміз бір шаңырақ астында – ортақ үйіміз Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз. Мемлекетіміздің игілігі үшін жан аямай еңбек етеміз. Сондықтан, 20 қарашада әр жас азамат өзінің сайлау учаскесіне келеді деп үміттенемін. Сэбэбі бұл күні біз кандидатқа дауыс беріп қана қоймай, ел тағдырын шешеміз», – деп түйіндеді ол.
 IMG-20221030-WA0026.jpgIMG-20221030-WA0027.jpg

Тағы да оқыңыз: