Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық жеке кәсіпкер Асқар Әбілдахан сырбойылықтарды алдағы Президент сайлауында белсенділік танытуға шақырды.
«20 қарашада өтетін ҚР Президенті сайлауында міндетті түрде өз таңдауымды жасап, дауыс беремін. Себебі, бұл сайлау еліміздің болашағы үшін өте маңызды әрі өз таңдауымызды жасау арқылы мемлекетіміздің алдағы бағдарын айқындаймыз. Біз өмір сүріп жатқан бейбітшілік заманда еліміздің жастарына мүмкіндік өте көп. Жеке кәсіп ашып, өз қалауымызбен іс қылсақ та, білім жолына бет бұрсақ та мемлекетіміз әрдайым қолдау білдіреді. Сондықтан отандастарымды осынау маңызды күнде белсенділік танытуға шақырамын», - деді Асқар Әбілдахан.