Kyzylorda-news.kz. Сайлау – мемлекет тарихындағы маңызды күндердің бірі. Ал алдағы кезектен тыс Президент сайлауы жаңашылдықтарға толы. Бұл жолы ел басқару мерзімі 7 жылға дейін ұзартылып, Президент өкілеттілігі бір реттік болып қысқартылды.

Осы уақыт аралығында Президент өз бағдарламасында көздеген мақсаттарын жүзеге асырып, еліміз дамудың жаңа белесіне көтерілуі керек. Сол үшін де әділетті Президент таңдау – біздің алдымыздағы басты міндет. Халық үнімен үндес, мұңымен мұңдас, жұртын жұмылдырып, кез келген қиындықтан шыға алатын көреген басшыны сайлауға бәріміз үлес қосуымыз керек.

Бұл сайлау саяси жаңғырудың жаңа кезеңі, қоғамдағы оң өзгерістердің бастамасы болады деп сенім білдіремін. Енлдеше, соған лайықты Президентті бірге таңдайық!

Әділбек Әйімбетов,

Арал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

315189255_3414352148893147_7561445717960107869_n.jpg

Тағы да оқыңыз: