Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Сырдария аудандық полиция бөліміне ауылдың 3 тұрғынынан мал ұрлығы жөнінде арыз түсті. Барымташылар олардың жайылымда жүрген 8 бас сиырын ұрлаған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті ретінде 25 жастағы аудан тұрғынын анықтап, ұстады. Айғақ заттар ретінде ұрланған малдардың терісі және сирақтары алынды.
Жәбірленушілерге келтірілген шығынның соммасы 3 млн. 500 мың теңгені құрады.
«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі танда осы қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтау мақсатында жедел – іздестіру іс – шарасы жүргізілуде. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 - бабының 3-бөлігімен (Мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның қалған мән-жайлары анықталуда», - делінген полиция департаментінің таратқан хабарламасында.