Kyzylorda-news.kz. 2020 жылдың сәуір айының 1 мен 31 мамыр күндері аралығында облыс көлемінде «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараға арнайы мобильдік топ құрылып, жұмылдырылды.

4 мамырда ОПД-нің ЖПҚБ-ның Табиғат қорғау полиция тобының қызметкерлері рейд барысында Шиелі ауданы, Бестам ауылының тұсында «Nissan» автокөлігін тоқтатып тексеру барысында, заңсыз электр тоғын пайдаланып, балық аулап жүрген аудан тұрғыны ұсталды.

Ұсталған азаматтан резеңке қайық, аккумулятор және 27 кг аса балық алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 335-бабының 3-бөлігімен (Балық ресурстарын заңсыз алу) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

«Егер аталған тұлғалардың кінәсі дәлелденсе, сот шешімімен олар белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзiмге айыра отырып, алты мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады», – деп хабарлады Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл Шиелі ауданында кездесіп отырған заңсыз балық аулаудың бірінші дерегі емес.

Біз бұған дейін осы аудандағы Бала би ауылының тұсында «УАЗ» автокөлігін тоқтатып тексеру барысында, заңсыз электр тоғын пайдаланып, балық аулап жүрген аудан тұрғыны ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.

Тағы да оқыңыз: