Kyzylorda-news.kz. Бүгін «Қызылорда-Құмкөл» тасжолында жолаушылар автобусы аударылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

«3 желтоқсанда сағат 05:25-те «Қызылорда-Құмкөл» тасжолында жолаушылар автобусының жүргізушісі көктайғақ салдарынан рульді басқара алмай, көлік аударылып қалған» делінген ТЖК таратқан хабарламада.

Мәліметке сай, автобуста 35 жолаушы болған. Апаттан 7 адам ажал құшқан, оның бірі ауруханаға апара жатқан жолда жан тапсырған.

Автобус «Құмкөл-Қызылорда» бағытында кетіп бара жатқан.

Оқиға Қызылордадан 85 шақырым қашықтықта болған. Қызылорда облыстық ТЖД базасында жедел штаб ұйымдастырылды. (7242) 24-41-61, 70-03-28 телефондары бойынша жедел желі ашылды.

Оқиға орнында ТЖД жеке құрамының 13 адамы мен 4 техникасы, полиция қызметінің 6 қызметкері мен 2 техникасы, жедел жәрдем қызметінің 12 қызметкері мен 4 техникасы жұмыс істеп жатыр.

Тағы да оқыңыз: