Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында “жеңілдікпен үй әперемін” деп жұртты алдайтын алаяқ жауапкершілікке тартылды.

Қызылорда қаласының тұрғыны әкімшілікте жұмыс істейтінін айтып, “көп қабатты үйлерден пәтер алып беремін” деген желеумен өзінің танысының жеке куәлігі мен банк картасын пайдаланып, оның атына микрокредиттік мекемелерден жалпы сомасы 305 000 теңге несие рәсімдеген.​

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігінің 4-тармағымен “Алаяқтық” сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Тергеу барысында күдікті қыз жасаған алаяқтық іс-әрекеті толығымен өз дәлелін тауып, аталған іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

Күдікті өз кінәсін толығымен мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынды толық өндірген.

Қызылорда қалалық сотының үкімі негізінде айыпталушыға екі жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Тағы да оқыңыз: