Қызылордада жаңа жылдық безендірулерді қиратқан бұзақылар ұсталды (ВИДЕО) – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада жаңа жылдық безендірулерді қиратқан бұзақылар ұсталды (ВИДЕО)

31.12.2019, 10:00

547 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада полиция жаңа жылдық безендіруді қиратқан бұзақыларды оқиға орнында ұсталды, деп хабарлайды Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға кеше таңғы сағат 06.45-тер шамасында болған. 20-26 жас аралығындағы үш қызылордалық жеңіл автокөлікпен облыс орталығындағы Орталық алаңға барған. Жігіттер Жаңа жылдық шырша маңында безендірілген үйшікті сындырып тастаған.

«Полиция жасағы оқиға орнында 3 бұзақыны ұстады. Олар мінген автокөлік айып тұрағына қойылды. Қоғамдық тәртіпке қарсы жасалған әрекет үшін ұсталған азаматтар тиісті жазасын алатын болады. Өз кезегінде жас жігіттер әрекеттеріне өкінетінін айтып, кешірім сұрады», – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

0

Пікір қалдыру