Қызылордада заңсыз қоян аулаған 2 азамат ұсталды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада заңсыз қоян аулаған 2 азамат ұсталды

10.12.2019, 10:20

3338 0

Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданы Айдарлы  елді мекенінен 10 шақырым жерде «Иж Планета» мотокөлігін басқарып жүрген 2 азамат қолға түсті. Көлікті тексеру барысында  11 қоян, 2 ұнғылы 16 калибірлі мылтық және жарық шамдарын тапты.  

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 337-бабының 1-бөлігімен (Заңсыз аңшылық) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Егер аталған тұлғалардың кінәсі дәлелденсе,  белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айырады. Мүлкі тәркіленіп, 160 (бір жүз алпыс) айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады. Немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартылмақ. Қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жіберуге жазаланады.

0

Пікір қалдыру