Қызылордада тергеу изоляторына есірткі өткізбек болған азамат ұсталды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада тергеу изоляторына есірткі өткізбек болған азамат ұсталды

18.02.2020, 17:40

721 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы ЗК-169/1 мекемесіне келуші сотталған танысына есірткі затын өткізбек болды.

Қала тұрғынының бұл әрекетін режим және күзет бөлімінің қызметкерлері әшкереледі.

«ҚАЖ мекемесінде отырған тергеу-қамауындағы азаматқа келген танысының сәлем-сауқатынан 1 литр ыдысқа құйылған айранның ішінен 2 дана полиэтилен пакетке оралған зат табылды. Сот-химиялық  сараптамасының қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың «кептірілген марихуана» екені анықталды», – деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

0

Пікір қалдыру