Kyzylorda-news.kz. Астана даңғылы бойында көлік иесі жаяу жүргіншілер жолында адам қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарақат алған адам ауыруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасына кінәлі автокөлік жүргізушісі уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», – деді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыз: