Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер пәтерге заңсыз кіріп, ашықтан-ашық пәтер тонаған қала тұрғынын ұстады.
Түскі уақытта белгісіз адам облыс тұрғынының үйіне заңсыз кiріп, ақшасы мен зергерлік бұйымдарын ашықтан-ашық тартып алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын 209 000 теңгені құрайды.
«Тәртіп сақшыларымен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бұрын сотты болған облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны, құрықталып, кінәсін толығымен мойындады. Оның іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің 191- бабымен (Тонау) сараланып, айыптау актісімен сотқа жолданды. Соттың үкімі негізінде айыпталушыға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот жәбірленушіге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді», – делінген полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.