Kyzylorda-news.kz. Кеше сағат 22:12-де Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы орталық базарда орналасқан көкөніс дүкені өртенді.
Аудан орталығындағы аумағы 450 шаршы метр болатын дүкеннен өрт шығып, оқиға орнына Шиелі аудандық төтенше жағдайлар бөлімі жедел жетіп, барлау жұмыстарын жүргізді.
«Дүкен толықтай өртке оранған. Өртті оқшаулауға өрт сөндіру қызметінен 30 қызметкер және 4 бірлік автокөлік жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің біріккен іс-қимылының арқасында тілсіз жау оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталу үстінде», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі.