Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында браконьерлерден 1 тонна балық тәркіленді. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет «Facebook» парақшасында жариялады.

«2019 жылдың 25 желтоқсанында рейд барысында Қызылорда облысының орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының инспекторлары қармақшы ауданының аумағында УАЗ маркалы көлікті тоқтатып, оның ішінде адамдардың 1 тонна 153 келі балықтың заңсыз әкетіп бара жатқанын анықтады», – деп жазады Сәкен Ділдахмет.

Табиғат қорғаушылар браконьерлер Қармақшы ауданының полиция бөліміне жеткізілді. 

Қазіргі уақытта аталмыш факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тағы да оқыңыз: