Қызылордада автобус қағып кеткен адам көз жұмды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада автобус қағып кеткен адам көз жұмды

29.03.2020, 13:00

648 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында автобус жолдан өтіп бара жатқан адамды қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Байтұрсынов көшесінің бойында болды. Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

«Күдікті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – деді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

0

Пікір қалдыру