Қызылордада адам өліміне күдікті азамат ұсталды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада адам өліміне күдікті азамат ұсталды

21.02.2020, 15:40

306 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында адам өліміне қатысты күдікті ұсталып, қамалды. Бұл туралы Қызылорда облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда қаласы «Ақмешіт» мөлтек ауданында адам мәйіті табылды.  Тәулік ішінде жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар 44 жастағы облыс орталығының тұрғыны анықталып, ұсталды.

Күдікті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бұл оқиға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қалған мәліметтер тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді.

0

Пікір қалдыру