Kyzylorda-news.kz. Қызылордада бірнеше пәтер ұрлығын жасаған азамат ұсталды. 34 жастағы күдікті бұрын сотты болған, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ол үй иелері болмаған уақытта, аулаларына кіріп үй ішіндегі бағалы заттар мен велосипедтерді  қолды еткен.

Тексеру барысында күдіктінің облыс орталығында жасалған осы тектес басқа да 6 қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды. Айғақ заттар тәркіленді.

 «Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Барлық фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыз: