Қызылордада 23 жастағы тұрғын жоғалып кетті – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада 23 жастағы тұрғын жоғалып кетті

15.03.2020, 9:20

691 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Шиелі ауданының 23 жастағы тұрғыны жоғалып кетті.

Ол Телікөл аумағына балық аулауға шыққан. Сол жақтан Қызылорда қаласына баратынын айтып жолға шығып кеткен. Содан бері хабарсыз.

«Бұл бағытта іздестіру жұмыстары жалғасуда. Әзірге нәтиже берген жоқ», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін облыста белгілі кәсіпкер Тынымбай Баженовтің де жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Бірақ, 1 айға жуық уақыт өтсе де кәсіпкер әлі күнге дейін табылған жоқ.