Kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігіне Қызылорда қаласының тұрғыны Мөлдір Жарылғанова хабарласып, оның күйеуі – белгілі кәсіпкер Тынымбай Баженовтің жоғалып кеткенін хабарлап, іздеу жұмыстарына көмек көрсетуімізді сұрады.

Мөлдір Жарылғанованың айтуынша, кәсіпкер Тынымбай Баженов үстіміздегі жылдың 15 ақпаны күні таңғы сағат 05:00-де Орталық стадионның маңында жоғалып кеткен.

Кәсіпкер күн сайын таңғы 05:00-06:00 аралығында Орталық стадионда спортпен айналысып, жүгіруді әдетке айналдырған көрінеді.

– Күйеуім Тынымбай Баженов сол 15 ақпан күні таңғы сағат 05:00-де Орталық стадионға күндегі әдетінше жүгіруге кеткеннен оралмады. Бүгінгі таңда полицияға хабарласып, іздеу жарияладық. Барлық әлеуметтік желілерге хабарландыру бердік. Бірақ, әзірге еш нәтиже жоқ. Сіздерге де ақпараттық қолдау сұрап хабарласып отырмыз. Күйеуімді көрген білген-жандар болса, бір хабарын беруін сұраймыз. Сүйіншісі бар, – дейді М. Жарылғанова.

Ал, Серик Еримбетов есімді «Facebook» қолданушысы өзінің жазбасында кәсіпкер Тынымбай Баженовті іздеу жұмыстарына бүкіл қызылордалықтарды көмекке шақырды.

– Кеше жоғалған Тынымбай Баженов ағамыз әлі іздестірілуде. Соңғы жаңалықтар: Тәуелсізідк-Есенов көшелері қиылысында (набережка, Мұз айдыны артында, пешеход-зебра) автокөліктің бордюр үстіне шыққан ізі бар. Джипп көлігі болуы мүмкін. Бұл бағытта барша Ішкі істер департамент қызметі жұмыстарын атқарып жатыр. Барлық үлкен ағаларымыз, туыстары, белгілі азаматтар атсалысып жүр. Осы постты бүкіл еріктілерге, авто-еріктілерге, қызылордалықтарға арнаймын. Тәуелсіздік көшесі бойындағы бүкіл үйлерді, ғимараттарды, мекемелерді аралап шығу керек, – деп жазады С. Еримбетов.

Сондай-ақ, ол өзінің аталған жазбасында Т. Баженовті көлік қағып кетуі мүмкін екендігін келтірген.

– Тәуіп болжамы бар: Ол кісі тірі, жағдайы ауыр, бір бөлмеде ме, әйтеуір, өз қалпына келіп отыр. Әрине, барлық түскен хабарды тексеру керек. Мүмкін шопыр адам қағып, көлігіне тиеп, бір жерден түсіріп кетті ме? Сондықтан сіздерден көмек керек, – деп мәлімдеді С. Еримбетов.

Жоғалған кәсіпкер Тынымбай Баженовтің отбасы ол туралы қандай да бір мәлімет білетін адамдарды төмендегі мына нөмірлерге хабарласуын сұрайды:

Мөлдір Жарылғанова, әйелі – +7-705-982-44-45 және туыстары: +7-707-400-74-73, +7-775-779-83-19

Тағы да оқыңыз: