Қызылордада 14 мал ұрлығы қылмысы ашылды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада 14 мал ұрлығы қылмысы ашылды

12.12.2019, 10:40

768 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада полиция қызметкерлері «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында облыс бойынша 14 мал ұрлығы қылмысын ашты. Бұл туралы Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған шараны Қызылорда облысының полиция департаменті, қалалық полиция басқармасының қызметкерлері ветеринария басқармасының өкілдерімен бірлесе отырып ұйымдастырды. Шара аясында малдарды құжатсыз әкелу, мал союға және ет сатуға арналған сертификаттың жоқтығын анықтау бағытында жұмыстар жүргізілді.

«Осыған қарай, барлық сауда орталықтары және басқа да ет павильондары мен мал сою бекеттері тексерілді. Іс-шара аясында облыс бойынша 14 мал ұрлығы ашылды. Бүгінгі таңда облыс және қала аумағында барлық мал сою мен ет бөлуге арналған жерлерде бейнебақылау камералары орнатылды. Мал ұрлықтарының алдын алу үшін құжатсыз мал басын тасымалдайтын 245 көлік құралдары тексерілді. Олардың ішінде 38-і мал тасымалдаумен айналысқан», – деп мәлім етті Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

0

Пікір қалдыру