Kyzylorda-news.kz. Құтқарушылар Қызылордадан 85 шақырымдық тас жолда жолаушылар автобусының аударылып кетуі салдарынан қайтыс болған тағы 1 адамның денесін тапты. Зардап шеккендерді құтқару жұмыстары әлі аяқталмаған.

Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнында қайтыс болған тағы бір дамның денесі табылған.

Мәліметке сәйкес, қоғамдық көлікте 35 жолаушы болған.

Жол апатынан осымен 8 адам ажал құшқан, оның бірі ауруханаға апара жатқан жолда жан тапсырған.

Еске сала кетсек, «Қызылорда-Құмкөл» тас жолында жантүршігерлік апат орын алды. Көктайғақтың салдарынан қоғамдық көліктің жүргізушісі рөлді басқара алмай, автобус жолда аударылды.

Оқыс оқиға салдарынан 7 адамның қаза тапқаны анықталды. Жапа шеккен 21 адам автобустан шығарылды.

Тағы да оқыңыз: