**[Kyzylorda-news.kz](https://kyzylorda-news.kz/)**[.](https://kyzylorda-news.kz/) **Құтқарушылар Қызылордадан 85 шақырымдық тас жолда жолаушылар автобусының аударылып кетуі салдарынан қайтыс болған тағы 1 адамның денесін тапты. Зардап шеккендерді құтқару жұмыстары әлі аяқталмаған.** Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнында қайтыс болған тағы бір дамның денесі табылған. Мәліметке сәйкес, қоғамдық көлікте 35 жолаушы болған. Жол апатынан осымен 8 адам ажал құшқан, оның бірі ауруханаға апара жатқан жолда жан тапсырған. [Еске сала кетсек](https://kyzylorda-news.kz/oqigalar/qyzylordada-zholawshylar-avtobwsy-awdarylyp-7-adam-azhal-qushty-foto-35044/), «Қызылорда-Құмкөл» тас жолында жантүршігерлік апат орын алды. Көктайғақтың салдарынан қоғамдық көліктің жүргізушісі рөлді басқара алмай, автобус жолда аударылды. Оқыс оқиға салдарынан 7 адамның қаза тапқаны анықталды. Жапа шеккен 21 адам автобустан шығарылды.