Қызылорда маңында жүк көлігі өртенді – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылорда маңында жүк көлігі өртенді

25.11.2019, 10:40

393 0

Kyzylorda-news.kz. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолдың Қызылорда қаласына жақын тұсында «Mercedes» жүк көлігінің кабинасы жанып кетті.

Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер жалынды жеті минут ішінде сөндіріп үлгерді. Өрт салдарынан зардап шеккен ешкім жоқ. Түркістан облысы Ордабасы ауданында тұратын жүк көлігінің иесі ешқандай дәрігерлік көмекке жүгінбеген.

«Өрт сөндірушілер барған уақытта жүк көлігінің кабинасы мен үш дөңгелегі жанып жатқанын көрген. Алдын ала жасалған болжам бойынша өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан болуы мүмкін. Оқиға орнында арнайы зертхана жұмыс жасады. Келген шығын мөлшері анықталуда. Биыл «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолдың Қызылорда облысы аумағында 19 өрт оқиғасы тіркелген», – деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Руслан Қайрақбаев.

0

Пікір қалдыру