Қармақшы ауданындағы жол апатынан 1 адам қайтыс болды – Kyzylorda News
Басты бет

Қармақшы ауданындағы жол апатынан 1 адам қайтыс болды

05.01.2020, 10:00

2088 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Иіркөл ауылының тұсындағы «Шымкент-Самара» тасжолының бойында екі жеңіл автокөлік соқтығысты. Оқыс оқиғадан 1 адам қайтыс болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді.

«Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалды», деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Қазір облыс аумағында ауа райы қолайсыз болып тұр.

«Жолдағы көктайғақ барлық жол қозғалыс қатысушылары үшін қауіпті. Осыған орай жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолда мұқият болуды ескертеміз», – деді департамент өкілі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қармақшыда екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам көз жұмған болатын.

0

Пікір қалдыру