Kyzylorda-news.kz. Бүгін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» республикалық маңызы бар автожолда жол-көлік оқиғасы орын алды.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегінше 31 желтоқсан сағат 09:00  шамасында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының бойында Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылының тұсында екі жүк автокөлігі соқтығысқан. Нәтижесінде 1 адам қайтыс болып, 2 адам  жарақаттанды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері, төтенше жағдай және медицина қызметкерлері жұмыс жасап жатыр.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы).  Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Өз кезегінде, жолдардағы төтенше жағдайларды болдырмау үшін Қызылорда облысының Полиция департаменті жылдамдық режимі мен ара қашықтықты сақтау қажеттігін ескертеді.   Жол қозғалысы ережелерін бұзу, әсіресе қолайсыз ауа райы мен көктайғақ кезінде елеулі жол-көлік оқиғаларының себебі болуы мүмкін.

Тағы да оқыңыз: