Павлодар – Қызылорда тасжолындағы көлік апатынан ана мен бала қаза тапты – Kyzylorda News
Басты бет

Павлодар – Қызылорда тасжолындағы көлік апатынан ана мен бала қаза тапты

28.01.2020, 11:40

396 0

Kyzylorda-news.kz. Таңертең олар мінген автокөлік аударылып, қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «27 қаңтар күні таңғы 9:00 шамасында «Павлодар-Қызылорда» тасжолының 88-шақырымында шығысқа қарай жүріп бара жатқан «Toyota Land Cruiser 200» маркалы автокөліктің 47 жастағы жүргізушісі рөлді игере алмай, көлік аударылған», – деп хабарлады Ішкі Істер министрлігі.

 Салдарынан екі жолаушы (1975 жылы туған әйел мен 2011 жылғы бала) сол мезетте қаза тапты.

Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеуде.

«Оқиғаның себептері анықталып жатыр», – деп толықтырды мекемедегілер.

0

Пікір қалдыру