Қызылорда қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің мәліметінше, есірткі, ұрлық және өзге де қылмыстарды жасады деген күдікпен ішкі істер органдарымен іздеуде жүрген азаматтарға қатысты суреттер әзірленді.

«Естеріңізде болса, азаматтарды, БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы қылмыскерлерді іздеуге тарту тәжірибесі алғаш рет бірнеше жыл бұрын пайда болған. Ұзақ уақыт бойы қылмыскерлердің суреті жаңартылып келеді. Бұл әдіс – тәсіл оң әсерін тигізді: кейбір жеңіл ақшаға құмарлар туыстары мен достарының алдында ұялғандықтан ғана ұрлауды қойды. Бүгінде бір емес, бірнеше адамның өмірін қиған есірткі қылмыскерлері осындай механизммен жария етілді. Азаматтардың бей-жай қалмауы және іздеуде жүрген адамдардың жүрген жері туралы мәліметтерді білген жағдайда бұл туралы полицияға хабарлауы өте маңызды.», - деді Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Қасанов Айдар Демегенұлы.

Суреттегі қылмыскерлер туралы қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз. Тел: 8(7242)-29-75-20 немесе «102» арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз.

Тағы да оқыңыз: